БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - уақыт талабы 09.07.2019

     

2015 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды. Осы Заңның аясында біздің мемлекеттік кірістер басқармасында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, басқарма қызметкерлерімен айына бір рет жемқорлықтың алдын алу туралы «Техникалық сабақтар» өткізіліп тұрады.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес - ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерін жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп-қатер әкелетіне күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып, осы зұлымдықпен күресу саясаты болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық, қаржылық сауатсыздығын жоятын жұмыстарды белсенді жүргізу маңызды. Халық өздерінің құқықтарын, қаржылық сауаттылықтарын өздеріне қарсы қандайда бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігін нақты білуі қажет. Конституциялық тәртіпті қолдау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізілуі тиіс.

         Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлыққа ат салысқан тұлға үнемі мемлекет қорғауында болады. Біздің қоғамымыз дамудың жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды.

         Қорытып айтқанда, мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері сыбайлас жемқорлықпен күресуді барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп біледі.

 

 

Іле аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының

Бас маманы-Садвакасов Р.К.

Тел.87275220172