БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру 11.12.2018

 

   

           Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауының қайсысын алып қарасақтар маңыздылығы мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз

     Осы орайда, ең алдымен назар аудартқаны азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне , өмірлік маңызды мәселелерге және әлеуметтік қорғалуына бағдарлануы.

     Жолдаудың "VІ. Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы" алтыншы бөлігіне тоқтала кетсек:

   Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс.

Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді.

Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет.

Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс.

Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек.

Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын.

Біз ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет.

Бұған арнайы «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске қосылуы септігін тигізеді.

Бұл жоба арқылы өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетуді қолға алу керек.

Бойскаут қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн.

«Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек.

Бүгінде халықтың әлеуметтік көңіл-күйін айқындайтын негізгі салаларда теңдессіз шаралар ұсынылып отыр.

Бастамалардың қаржылық көлемі
1,5 триллион теңгеден асады, ал жиынтық әсері одан да көбірек. Бұл халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға зор серпін береді. 

Бұл – ең сенімді әрі тиімді инвестиция.

Қымбатты қазақстандықтар!

Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты.

Біз қашан да заман сынына тегеурінді іс-қимылмен төтеп беріп келеміз.

Бұл – ең алдымен, ел ынтымағының арқасы.

«Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді халқымыз.

Бүгінгі кезеңнің де талабы оңай емес.

Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды.

Мен әрбір жолдауымда халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келемін.

Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту.

Қазақстанның бағындыратын биіктері әлі алда.

Осы жолда халық сенімі рухымызды жігерлендіріп, бойымызға күш-қайрат дарытады.

Сол сенімді ақтаудан артық мұрат жоқ!

 

 

 

               

Изтелеуова Г.Н.         

 Іле ауданы бойынша

 мемлекеттік кірістер

 басқармасының бас маманы

анықтама үшін сым тетік: 8-7272-517459