БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
Жемқорлықпен күрес - уақыт талабы 15.11.2018

 

    

1998 жылы 2 шілдесінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңы қабылданды. Осы Заңның аясында біздің Қазынашылық басқармасында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, басқарма қызметкерлерімен айына бір рет жемқорлықтың алдын алу туралы «Техникалық сабақтар» өткізіліп тұрады.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес - ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерін жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп-қатер әкелетіне күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып, осы зұлымдықпен күресу саясаты болып табылады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамы» атты Ұлттық жоспарының 13-ші қадамында жемқорлықпен күрес мәселелері айқын көрініс тапқан. Қазынашылық басқармасында жұмыс электронды жүйеге көшкеннен бері, барлық мекеме есепшілері құжаттарды электронды түрде жібереді және оның орындалуын, не кері қайтарылғандығын жүйеден көріп отырады. Бұрынғы уақытпен салыстырғанда  - құжаттардың орындалуы уақыты да қысқартылды.

Қазынашылық басқармасы ауданға бөлінген бюджет қаржыларын дұрыс және мақсатты түрде жұмсалуын қадағалайды. Бұл бағыттағы жұмыстарда Бюджет кодексі, Қаржы министрлігінің Ережелері, Қаулылар мен Нұсқаулықтар және т.б. Заңдарды басшылыққа ала отырып, орындалады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық, қаржылық сауатсыздығын жоятын жұмыстарды белсенді жүргізу маңызды. Халық өздерінің құқықтарын, қаржылық сауаттылықтарын өздеріне қарсы қандайда бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігін нақты білуі қажет. Конституциялық тәртіпті қолдау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізілуі тиіс.

         Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлыққа ат салысқан тұлға үнемі мемлекет қорғауында болады. Біздің қоғамымыз дамудың жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Бұл жол - Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықтың күрес жолы.

         Қорытып айтқанда, Қазынашылық басқармасы қызметкерлері сыбайлас жемқорлықпен күресуді барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп біледі.

 

 

 Іле ауданы бойынша Мемлекетік кірістер басқармасы

Бас маманы  Темиргалиев Д.

Телефон:  2-01-72