БАСТЫ > САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ > ҚҰЖАТ

 
 
 Қосылған құн салығын төлеу мерзімі 19.10.2018

 

      Құрметті салық төлеуші! Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, қосылған құн салығын төлеу мерзімі бойынша төмендегідей хабардар етеді:

      Қосылған құн салығын төлеуші бюджетке төленуге жататын салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей, әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті.

      Қосылған құн салығын төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясында көрсетілген қосылған құн салығын төлеу қосылған құн салығын төлеушінің салық органына осындай декларацияны табыс еткен күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей, оның орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

      Егер қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы табыс етілген салық кезеңінің алдындағы салық кезеңі үшін табыс етілген, қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген осындай салықты төлеу мерзімі бірінші азат жолында  көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталған жағдайда, салықты төлеу салық органына тарату декларациясы табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кедендік төлемдерді төлеу үшін айқындалатын күні төленеді.

   

 

 

Г.Изтелеуова

 Іле ауданы бойынша

 мемлекеттік кірістер

 басқармасының бас маманы

анықтама үшін телефон: 8-7272-517459