БАСТЫ >

 
 
 
Іле ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы 01.03.2018

ЖОБА 

         

Іле ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарды бекіту туралы

 


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңы 8-бабының 1) тармағына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Іле ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Ауыл шаруашылығын өркендету, экология және индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымның дамуы жөнiндегi» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


                                            Аудандық мәслихат                                                  Аудандық мәслихат
                                            сессиясының төрағасы                                                       хатшысы
                                            _____________________                                            _________________
                                               Р. Нурбаев                                                                 Р. Абилова