БАСТЫ >

 
 
 
Боралдай кентінің идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелеріне
жаңа атау беру туралы ШЕШІМІНІҢ ЖОБАСЫ
02.08.2018

ЖОБА

 

 

 

Боралдай кентінің
идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелеріне
жаңа атау беру туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының  4) тармақшасына сәйкес, Боралдай кенті халқының пікірін ескере отырып, 2018 жылғы 26 наурыздағы Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Боралдай кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Боралдай кентінің идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелеріне келесі атаулар берілсін:

1) Железнодорожная - Нұрлы жол;

2) Уфимская - Керей хан;

3) Ереванская – Жәнібек хан;

    4) Чапаева – Есіл;

    5) Автомобилист – Лепсі;

6) Вокзальная – Хантау;

    7) Луговая-Үшқоңыр;

    8) Советская - Төле би;

    9) Заводская - Қазыбек би;

   10) Солнечная – Нұра;

        11) Переулок Московский – Алтай;

    12) Уральская – Орал;

    13) Ленин - Алаш.         

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

               Боралдай кентінің әкімі                       М.Салимбаев