БАСТЫ >

 
 
 
Іле ауданы бойынша 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін
бекіту туралы ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАсы
04.01.2019

ЖОБА

 

 

Іле ауданы бойынша 2019 жылға арналған
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын,
ата-ана төлемақысының мөлшерін
бекіту туралы

 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Іле ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. «Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн

ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулыны Іле ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;

4) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Іле ауданының әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Іле ауданың әкімдігінің 2018 жылғы 16 шілдегі № 331 «Іле ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,ата-ананың  төлемақсын мөлшерін бекіту туралы» ((Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4774 тіркелген, 2018 жылдың 09 тамыздағы  Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сатибаев Алмасбек Кожабековичке жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Іле ауданының әкімі                                                      Б.Карасаев