БАСТЫ >

 
 
 
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Іле ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы 05.03.2018

 ЖОБА 

         


Қазақстан Республикасының жер

заңнамасына сәйкес Іле ауданының

шекараларындағы пайдаланылмайтын

ауыл шаруашылығы мақсатындағы

жерлерге жер салығының базалық

мөлшерлемелерін арттыру туралы
 

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Іле ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


                                                                Іле аудандық мәслихатының                           Іле аудандық мәслихатының
                                                                         сессия төрайымы                                                          хатшысы
                                                                         _______________                                                    ______________