БАСТЫ >

 
 
 
Іле ауданы бойынша 2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын бекіту туралы ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАсы
09.01.2019

ЖОБА

 

 

Іле ауданы бойынша
2019 жылға арналған орта
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын бекіту туралы
 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына,  «Білім туралы» 2007 жылғы                 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4 тармағының            8-3) тармақшасына және 62-бабының 6 тармағының 6-1 тармақшасына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Іле ауданы бойынша 2019 жылға арналған орта білім беруге  мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

         2. «Іле ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулыны Іле ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;

4) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Іле ауданының әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Іле ауданы әкімінің орынбасары А. Сатибаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Іле ауданының әкімі                                                      Б.Карасаев

 

 

 

   

 Іле ауданы әкімдігінің

    2019 жылғы _______________

    №______ қаулысына қосымша

  


Іле ауданы бойынша 2019 жылға орта білім беруге

мемлекеттік білім беру тапсырысы
 

Оқушылар саны

Бір оқушының орташа шығын құны (бір айға, теңге)

1

375

25250