БАСТЫ >

 
 
 
Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 ақпандағы «Іле ауданының әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 22-110 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
 ШЕШІМІНІҢ ЖОБАСЫ
16.10.2018

ЖОБА

 

 

 

Іле аудандық мәслихатының
2018 жылғы 26 ақпандағы
«Іле ауданының әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»
№ 22-110 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және               өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы                      21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Іле аудандық мәслихатының  «Іле ауданының  әлеуметтік  көмек  көрсетудің, оның   мөлшерлерін белгілеудің   және  мұқтаж  азаматтардың  жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы  26 ақпандағы  № 22-110 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4579 тіркелген, 2018 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

2,6- тармақтары келесі редакцияда баяндалсын:

«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

           1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға»;

            2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланыстыәлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

             3) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

            4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Алматы облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

            5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

            6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа                      табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

           7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

           8) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атқарушы органы;

           9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

          10) шекті шама – әлеуметтік көмектің ең жоғары мөлшері.»;

          «6. Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндердің тізбесі:

1)    1) 15 ақпан – Ауғаныстаннан кеңес әскерін шығарған күні;

2)    2) 26 сәуір – Чернобыль апатының күні;

3)    3) 9 мамыр – Жеңіс күні.

4)    4) 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні.».

          2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Іле   аудандық   мәслихатының                           Іле аудандық

сессия төрағасы                                                     мәслихатының хатшысы

___________________                                          __________