БАСТЫ >

 
 
 
Іле аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы
«Іле ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы»
№ 19-92 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
18.10.2018

ЖОБА

 

 

 

Іле аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы
«Іле ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы»
№ 19-92 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы       23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының       1) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 19-92 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4473 тіркелген, 2018 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1, 2-тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 100 762 573 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 92 166 174 мың теңге;

cалықтық емес түсiмдер 1 000 000 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 252 000 теңге;

трансферттердің түсімдері 7 344 399 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 4 684695 мың теңге;

нысаналы даму трансферттер 1 860727 мың теңге;

2) шығындар 107 968 942 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 95 099 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 126 263 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 31 164 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (−) 7 301468 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                               7 301 468 мың теңге.»;

«2. 2018 жылға арналған аудандық бюджетте 85 200 397 мың теңге сомасында облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі көзделсін.».

2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Іле аудандық мәслихатының  сессия төрағасы

 

   Іле аудандық мәслихатының

   хатшысы