БАСТЫ > НОРМА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ > ҚҰЖАТ

 
Іле ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін...    
 

Іле ауданы әкімдігінің  «Іле ауданы әкімдігінің 2012 жылғы

7 желтоқсандағы «Іле ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы

пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және  интернаттық ұйымдарды  бітіруші  кәмелетке толмағандар үшін  жұмыс

орындарына квота белгілеу туралы» № 11-1219 қаулысына өзгерістер

еңгізу туралы»   қаулысының жобасына

түсініктеме хат

 

          Іле ауданында жұмыс істеп тұрған ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің саны 1252, оның ішінде ірі мекемелер саны -21, орта мекемелердің саны -88, кіші мекемелердің саны -1443.

Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне  2012 жылы жыл бойы 1153 адам жұмыс іздеп жүгінді. Жыл басынан бері 810 жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналастырылды.

         1) Сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың ішінен кеңес алуға 17 адам жүгінді, өз бетінше жұмыс басты  болғандықтан  ұсынылған бос жұмыс орындарынан  және кәсіби оқудан бас тартты;

         2) Интернаттық ұйымдарды  бітіруші кәмелетке толмағандардан жұмыс іздеп ешкім жүгінбеді.

          Ірі және орта мекемелердегі жұмысшы санын ескере отырып, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан  босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында  жұмыс орындарының жалпы санының бес пайызы мөлшерінде  жұмыс орындарына квота белгілеу орынды.

 

Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы                       Н Кұматаев

 
 

www.iletany.kz