БАСТЫ > НОРМА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ > ҚҰЖАТ

 
Іле ауданында  қылмыстық-атқару инспекциясы  пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан...    
 

Алматы облысы,  Іле ауданы әкімдігінің «Іле ауданы әкімдігінің 2012 жылғы

7 желтоқсандағы «Іле ауданында  қылмыстық-атқару инспекциясы  пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және  интернаттық ұйымдарды  бітіруші

кәмелетке толмағандар үшін  жұмыс  орындарына квота белгілеу туралы»

№ 11-1219 қаулысына өзгерістер еңгізу туралы »  қаулысының жобасына АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ

 

Р/с

Түсіндірме жазбада  көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Нормативтік-құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

  Іле ауданының   әкімдігі

2

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік-құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі

(мемлекеттік органның құзіреттігі

Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  23 қаңтардағы  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі басқару туралы»  Заңының  31- бабы,  1-тармағының  14)тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшасына сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан  босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында      

3

Нормативтік-құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізгі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан  босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында      

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік-құқықтық актілер және нормативтік – құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Бұрын қабылданған нормативтік-құқықтық акті және тіркеуден өткен № 5-553 2012 жылы 15 маусымдағы «Іле ауданында бас бостандығынан  айыру орындарынан  босатылған адамдар, және  интернаттық ұйымдарды  бітіруші кәмелетке толмағандар  үшін   жұмыс орындарына квота белгілеу туралы » күші жойылды деп танылды және нормативтік – құқықтық актіні қабылдауға байланысты

5

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизитттерін көрсете отырып, заң сарптамасын өткізбей, кері қайтарылған нормативтік-құқықтық актілер туралы мәліметтер.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизитттерін көрсете отырып, заң сараптамасын өткізбей, кері қайтарылған нормативтік-құқықтық актілер туралы мәліметтер жоқ.

6

Осы нормативтік-құқықтық акт Республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме?

Осы нормативтік-құқықтық акт Республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздемейді.

7

Нормативтік-құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Келісілген: « Іле  ауданының жұмыспен қамту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

« Іле  ауданының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі;

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін  қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін  қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер жоқ.

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімі (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктері жоқ

       

Аудан әкімінің заң және құқық бөлімінің бастығы                      Б.Рымқұлов

 
 

www.iletany.kz