БАСТЫ > НОРМА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ > ҚҰЖАТ

 
 
 
«2012 жылға жастар практикасын ұйымдастыру туралы»  

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының, 1тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы   «Халықты жұмыспен қамту туралы»  Заңының 7- бабының 5-7) тармақшасына,  18-2 бабына, Қазақстан  Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы   Заның іске асыру жөніндегі шаралар туралы» №836 қаулысына сәйкес,  аудан  әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

 1. 2012 жылға еңбек нарығындағы қажеттіліккке сәйкес жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын  жұмыс берушілердің тізбесін қосымшаға сәйкес бекітілсін.

          2. «Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы), «Жұмыспен қамту орталығы» (Тлеубердин Болат Дүйсенұлы)  мемлекеттік мекемелері жастар практикасын өту үшін техникалық және кәсіптік, орта  білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының түлектер қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмыс берушілерге жіберсін және жұмыс берушілермен жастар практикасын өту үшін жұмыс орнын құру туралы шарттар жасалсын.

             3. Iле  ауданы  әкiмдiгiнiң  2009  жылғы  29 желтоқсандағы   «Іле ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын белгілеу туралы» № 12-2175 қаулының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 21 қантардағы № 2-10-107 нөмірімен еңгізілген, 2010 жылғы 10 қантардағы № 5 «Іле Таңы»газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

                   4.Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімнің  орынбасарына  жүктелсін.

          5. Осы қаулы алғаш рет  ресми  жарияланғаннан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен соң  қолданысқа  енгізіледі.