БАСТЫ > НОРМА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле ауданының Әкімдігі

ҚАУЛЫ

 

 

                                                  ЖОБА

 

Іле ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан   айыру орындарынан босатылған адамдар  және  интернаттық ұйымдарды  бітіруші кәмелетке толмағандар үшін  жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

          Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  23 қаңтардағы  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі басқару туралы»  Заңының  31- бабы,  1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшасына сәйкес  аудан  әкімдігі      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. Іле ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдар, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан  босатылған адамдар  және  интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін  меншік нысандарының барлық ұйымдарында,  кәсіпорындарда және мекемелерде жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.

            2. «Іле  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар                    бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы) және «Іле аудандық   жұмыспен  қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі (Жакашев Еркін Абылханұлы)  қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан  босатылған адамдар  және  интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға белгіленген  квота бойынша бос жұмыс орындарына жолдамамен    қамтамасыз   ету.

        3. Іле ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы «Іле ауданында бас бостандығынан   айыру орындарынан  босатылған адамдар  және интернаттық ұйымдарды   бітіруші кәмелетке толмағандар үшін   жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» № 5-553 қаулының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 27 маусымдағы № 2-10-164 нөмірімен еңгізілген, 2012 жылғы 13 шілдеде № 28 «Іле таңы» газетінде жариялған) күші жойылды деп танылсын.

           4.   Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімнің  орынбасары  Тұрымбетов Ерболат Сапарұлына  жүктелсін.

           5.  Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап  күшіне   енеді және алғаш ресми  жарияланғаннан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен соң  қолданысқа  енгізіледі.

 

        

                                                                       Аудан әкімі                                             Б. Абдулдаев