БАСТЫ > НОРМА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ > ЖОБА

 
 
 
«Іле ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ  

ЖОБА


Қосымша
Іле ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «____»_________
№________ қаулысына

«Іле ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Аудан әкімінің аппараты (одан әрі - аппарат) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мекеме болып табылады, аудан әкімі және әкімдікті ұйымдастырушылық құқықтық, ақпараттық-аналитикалық, кеңесушілік және материалды-техникалық қызметпен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
2. Аппарат қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Аппарат мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Аппарат егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкікімі аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдер қабылдайды.
7. Аппарат құрылымының штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
Индекс 040700, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Батталханов көшесі, 8.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлеткеттік тілде - «Іле ауданы әкімінің аппараты» мемлекетік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение «Аппарат акима Илийского района».
10. Осы ереже аппаратың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Аппарат қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Аппарат кәсіпкерлік субъектілерімен аудан әкімі аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер аппаратқа заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Аудан әкімі аппаратының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

13. Аудан әкімі аппаратының миссиясы аудан әкімінің және әкімдіктің тиімді қызметін қамтамассыз ету болып табылады.
14. Аудан әкімі аппаратының міндеттері:
1) Аудан әкімі және әкімдікті ұйымдастырушылық құқықтық, ақпараттық-аналитикалық, кеңесушілік және материалды-техникалық қызметпен қамтамассыз ету;
2) Алматы облысы әкімі аппаратымен, облыстық және аудандық маслихатпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдар және азаматтармен өзара әрекетті қамтамасыз ету;
15. Аудан әкімі аппаратының функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс, аудан әкімдігінің қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру, аудан аумағында олардың орындалуын бақылау;
2) Барлық дәрежедегі атқарушы билік органдарымен қарым-қатынаста болып, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобасын дайындауда олардан мәліметтер, аудандағы әлеуметтік-экономикалық саясатты құратын болжам мен тұжырымдама алу, оларды өңдеу және сараптамасына қатысу;
3) Әкімдік отырысында қарастыру үшін материалдарды дайындау және мәселелерді зертттеу.
4) Аудан әкімдігінің отырысына күн тәртібі жобасын; бөлімдермен дайындалған аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігі қаулыларының жобаларына сараптама жасау;
5) Аудан әкімдігі отырысында қабылданған қаулыларды шығару; аудан әкімі отырысында қарастыру барысында қайшылықтар туындаса және оларды жою бойынша тапсырма берілген жағдайда аудан әкімдігі қаулылары жобаларын түзетуге қатысу;
6) Аудан әкімін Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс, аудан әкімдігінің қаулыларының орындалу барысы туралы жүйелі хабарлау;
7) Аудан әкімін бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты қамтамассыз ету;
8) Әкім қызметінің құқықтық және басқа да мәселелерін шешуге қатысу;
9) Мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік саясатты орындауды жүзеге асыру, әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеуді қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлерден ант қабылдау, кадрлар құрамындағы беталысты және өзгертулерді қадағалау, тексеруді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және дайындау, қайта дайындау мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
10) Азаматтық хал актілерін тіркеу;
11) Қазақстан Республикасы Парламентіне сайлау және жергілікті атқару органдарына халықаралық референдумдарды өткізуде ұйымдастурышылық, материалдық-техникалық қамтамассыз етуге көмек көрсету;
12) Әкім және оның орынбасарларының қызметтерін құжаттамамен қамтамасыз ету, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, әкімдіктің қаулыларын дер кезінде рәсімдеу, оларды жергілікті атқарушы органдарына, кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге жеткізу;
13) Қызметтік құжаттарды, хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
16. Аудан әкімі аппаратының құқығы мен міндеттері:
1) Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын органдардан қажетті мәліметтерді, сондай-ақ оларға орындауға міндетті тапсырмаларды беруге;
2) Аудан әкімі құзыретіне қатысты мәселелер бойынша барлық меншіктік формадағы ұйымдардан және мекемелерден, кәсіпорындардан мәліметтер, құжаттар, басқа материалдар жазбаша және ауызша түсініктер алуға және сұратуға;
3) Аудан әкімінің өкімдерінің, шешімдерінің орындалуына тексеру жүргізуге, оларды орындамау себептері және жағдайлары анықталған заң бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды қабылдауға;
4) Аудан әкімі аппаратының құзыретіне жататын мәселелер жөнінде, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хаттар жүргізу;
5) Аудан әкіміне құрылымдық бөлімшелердің жетекшілерін тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсыныстар енгізуге;
6) Бөлім және басқа құрылымдық бөлімшелердің жиналыстарына қатысу;
7) Басшылықтың тапсырмасы бойынша бөлім, кәсіпорын, мекеме және ұйымдардың қызметкерлерін, аудан әкімінің құзыретіне қатысты мәселелерді шешуге қатыстыруға;
8) Қажетті құжаттарды, мәліметтерді, хабарларды, жергілікті бюджеттен қаржыланатын органдардың лауазымды тұлғалардың жазбаша түсініктерді беру жөніндегі әкім аппаратының талаптары, заңмен белгіленге мерзімде, егер әкім аппаратымен оларды орындаудың басқа мерзімі белгіленбесе, орындалуға жатады.

3. Аудан әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру

17. Аппаратта басшылықты аудан әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орыналуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аппарат басшысы жүзеге асырады.
18. Аппарат басшысы аудан әкімшілік мемлекеттік қызметкер болып табылады, мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Аппарат басшысының өкілеттігі.
1) Аудан әкімі аппараты бойынша Ережені бекітуге ұсынады;
2) Аудан әкімінің орынбасарлар, аппарат басшысы және аудан әкімінің көмекшісі арасындағы міндеттерді бөлу бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) Аппарат құрылымы бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) Белгіленген штат саны шегінде штаттық кесте бойынша ұсыныс енгізеді;
5) Аудан бюджетінен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдарының басшыларына, аппарат қызметкерлеріне қызметтік еңбек ақы мөлшеріне қосымша ақы және үстеме төлеу бойынша ұсыныстар енгізеді;
6) Жоспарлау мәселесі бойынша ұсыныстар енгізеді;
7) Аппарат бөлімдерінің қызметін үйлестіреді және жалпы басшылықты жүзеге асырады;
8) Аудан әкімі аппаратының қызмет істеуін қамтамасыз ететін және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, аппарат қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және жұмыстан босатады;
9) Аудан әкімімен тағайындаталатын, лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізеді;
10) Аудан әкімінің облыс әкімінің аппаратымен, ауылдық, кенттік округ әкімдерімен, жергілікті бюджетпен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жетекшілерімен, облыстық және орталық атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерімен байланысты қамтамасыз етеді;
11) Облыс және аудан әкімдерінің қабылданған шешімдері мен өкімдерінің, әкімдіктің қаулыларын орындауды бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
12) Азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
13) Аппарат құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
14) Аппараттағы ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
15) Оған аудан әкімімен жүктелетін басқа қызметтерді орындайды
Аппарат басшысы болмаған кезде оның өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Аудан әкімі аппаратының мүлкі

20. Заңнамада көзделген жағдайларда аудан әкімі аппараты жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазастан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
21. Аппаратқа бекітілген мүлік республикалық коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, аппарат, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктеп шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Аудан әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату.

23. Аудан әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Казақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.