БАСТЫ > НОРМА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ > ЖОБА

 
 
 
Іле ауданының шалғайдағыелдi мекендерде тұратын балалардыжалпы бiлiм беретiн мектептерге
тасымалдаудың тәртібі мен сызбаларын бекiту туралы
 

   ЖОБА

Іле ауданының шалғайдағы
елдi мекендерде тұратын балаларды
жалпы бiлiм беретiн мектептерге
тасымалдаудың тәртібі мен сызбаларын
бекiту туралы


«Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Іле ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртібі осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес бекiтілсін.
2. Іле ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемалары осы қаулының № 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20,21,22 қосымшаларына сәйкес бекiтілсін.
3. «Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Каткеева Ляззат Жакыпқызына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет - ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жүнісов Дәурен Хабдолданұлына жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Аудан әкімі                                                                     Қ. Медеуов