БАСТЫ > НОРМА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ > ЖОБА

 
 
 
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесін жоғарылату туралы 02.09.2015

   ЖОБА

Қазақстан Республикасының жер
заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын
ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге белгіленген жер салығының
базалық мөлшерлемесін жоғарылату туралы



Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, 444 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 378-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет, әлеуметтік экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Батыр Василий Владимирович) тапсырылсын.
3. Осы шешім Алматы облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күн тізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


                                             Сессия төрайымы                                                         Аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы

                                            ________________ Ш. Қағазбаева                                  ________________ Ә. Исаев