БАСТЫ > НОРМА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ > ҚҰЖАТ

 
 
 
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы  
 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына,  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы № 836 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі        ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2012 жылға өнерлік еңбек нарындағы қажеттілікке сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын  ұймдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы) және «Іле ауданының жұмыспен қамту орталығы» (Тлеубердин Болат Дүйсенұлы) мемлекеттік мекемелері халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу үшін жұмыс берушілерге жіберсін және әлеуметтік  жұмыс орнын құру туралы шарттар жасалсын.

3. Осы       қаулының      орындалуын       бақылау   аудан  әкімінің бірінші орынбасарына Тұрымбетов Ерболат Сапарұлына  жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.