БАСТЫ > НОРМА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ > ҚҰЖАТ

 
 
 
Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін Іле ауданының коммуналдық мүлкін жалдау
төлемінің есептік ставкаларын бекіту туралы
 
 
ЖОБА



Мүліктік жалдауға (жалға алуға)
берілетін Іле ауданының
коммуналдық мүлкін жалдау
төлемінің есептік ставкаларын
бекіту туралы


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларының 50-тармағына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін Іле ауданының коммуналдық мүлкін жалдау төлемінің есептік ставкаларын бекітілсін.
2. «Іле аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде осы қаулының орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Файль Виктор Александровичке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялау күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


                                               Аудан әкімі                                                                                 Қ.Медеуов









                                                                                                                                                                                                                  Іле ауданы әкімдігінің
                                                                                                                                                                                                    2014 жылғы «____»__________
                                                                                                                                                                                                    №_____ қаулысымен бекітілген
 
 
Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін Іле ауданының коммуналдық мүлкін жалдау төлемінің есептік ставкалары

 
1. Осы төлемінің есептік ставкалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы, тұрғын емес үйдің мемлекеттік қорының объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау төлемінің есебі келесі формуламен жүзеге асырылады:
Жа = C х К1 х К2 х К3 х К4 х К5 х К6 х S;
бұнда:
Жа – жылжымайтын мүлік объектісін пайдаланғаны үшін жылына жалдау ақысының ставкасы;
С – Іле ауданы бойынша жалдау төлемінің базалық ставкасы Қазақстан Республикасының тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген, 1,5 айлық есептеу көрсеткішіне тең қабылданады.
К1 – құрылыс түрін ескеретін коэффициент;
К2 – инженерлік желілер мен коммуникациялардың болуын ескеретін коэффициент;
К3 – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
К4 – жалға алушы қызметінің түрін ескеретін коэффициент;
К5 – жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық формасын ескеретін коэффициент;
К6 – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
S – жалға алынып отырған алаң, шаршы метр.
3. Аудандық коммуналдық мүлікін жалдау төлемінің ставкаларын есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:
 
№ 
р/с
Коэффициент түрі
Коэффициент мөлшері
1
Құрылыс түрін ескеретін К1 коэффициенті:
 
әкімшілік  
1,0
қоймалық, гараждық, қазандық және басқа құрылыстары
0,8
2
Инженерлік желілер мен коммуникациялардың болуын ескеретін К2 коэффициенті:
 
барлық инженерлік-техникалық коммуникациялары  (сумен қамтамасыз ету жүйесі, жылумен қамтамасыз ету жүйесі, жарық, кәріз жүйесі) бар объектілер үшін;
қандай да бір коммуникациялар болмаған жағдайда әр түрі үшін 0,1 кемиді
2,0
3
Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін К3 коэффициенті:
 
ғимарат, ғимараттағы үй-жай, ғимараттағы үй-жайдың бөлігі
1,0
ғимараттың цокольдік қабаты немесе жарлылай жертөле
 
0,9
жертөле үй-жайы
0,5
4
Жалға алушы қызметінің түрін ескеретін К4 коэффициенті:
 
сауда-коммерциялық және жабдықтаушы-өткізу қызметі (өндірістік, азық-түліктік және аралас тауарлар, кеңсе және кітап тауарлары, дәріхана және дәріханалық пункттер, оптика); банктік қызметтер; полиграфиялық қызметтер; көшірме қызметі,  брокерлік қызмет; ломбардтар, айырбастау пункттері; сақтандыру, инвестициялық компаниялары; нотариалдық және адвокаттық кеңселер, кеңсе, зергерлік шеберханалар
3,0
коммуникациялық қызметтер, оның ішінде:
байланыс қызметері, автоматтандырылған телефон станциялары, почталар
2,5
қызметер көрсету:
тұрмыстық (коммуналдық) және мәдени-демалыс қызметтері, тренажер залдары, фитнес-клубтар, техникалық қызметтер көрсету станциялары; шеберханалар
2,0
қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызмет:
дәмхана, мейрамханалар
3,0
буфеттер мен асханалар
2,0
білім мекемелеріндегі буфеттер мен асханалар
1,0
білім (мектептен тыс, оқушыларға арналған үйірме қызметі, компьютерлік сыныптар), балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы қызмет көрсету
1,0
жеке меншік оқу орындары
3,0
өндірістік қызмет
1,0
гараждар ретіндегі үй-жайлар, қойма, сақтау камералары
2,0
өзге де қызмет түрлері (жарнама орыналастыру және басқада қызметтер)
1,0
5
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жалдаушының ұйымдастырушылық - құқықтық формасын ескеретін К5 коэффициент:
 
жеке меншік нысанындағы құрылымдарға арналған (серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, ұлттық компаниялар)
 
2,0
акциялардың (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайыздарын және бюджеттік бағдарламаларды орындаудан кірістердің кем дегенде 90 пайызын алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер), егерде акциялардың мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын, мемлекеттік орган жазбаша растаған жағдайда
1,0
қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер мен қорлар үшін
0,2
үкіметтік емес ұйымдар үшін
1,0
қайырымдылық ұйымдар үшін
0,5
сауда – саттық қызметті есептемегенде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіп қызметін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін
1,0
6
 
Аумақтық орналасуын ескеретін К6 коэффициент:
 
аудандық орталық, кент, ауыл  
1,0
 
 4. Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау төлемін есептеу мынандай формула бойынша асырылады:
Жа = C х Nam /100 х Кт
бұнда:
Жа – жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа тұтынылмайтын заттарды бір жылға жалдау ақысының мөлшерлемесі;
С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.
Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде 100 пайызға тозығын есептеумен қалдық құны алғашқы (жаңадан құрылған) құнынан 10 пайыз көлемінде қолданылады.
Nam – Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизациялаудың деңгейлі нормалар;
Кт – төмендететін коэффициент (жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа тұтынылмайтын заттар алпыс пайызға тозған кезде – 0,8 мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сату-сатып алу (делдалдық) қызметтен басқа, халыққа қызмет көрсету саласын дамыту және өндірістік қызметті ұйымдастру үшін берілген кезде – 0,5 мөлшерде);
5. Толық емес жұмыс уақытында (сағат сайын) қолданылатын Қарасай ауданының коммуналдық мүлік нысандарын мүліктік жалға беру (жалға алу) кезінде жалдау ақысының жылдық есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
1) жылжымайтын мүлік (ғимарат, үй-жайлар) үшін:
А = (Жа / N) * Fn,
бұнда:
А - жылына жалдау төлемақысы (толық емес жұмыс уақытында (сағат сайын));
Жа - жылына коммуналдық мүлік нысандары үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
N- жылына жұмыс сағаттарының саны;
Fn - жылына қолданылатын сағаттар саны;
2) жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да қолданылмайтын заттар үшін:
А = (Жа / N) * Fn,
бұнда:
А - жылына жалдау төлемақысы (толық емес жұмыс уақытында (сағат сайын));
Жа - жылына жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да қолданылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
N- жылына жұмыс сағаттарының саны;
Fn - жылына қолданылатын сағаттар саны;
Ғимараттағы үй-жайлардың бір бөлігін жалдағаны үшін төленетін ақыны есептеу кезінде мүліктік жалдауға (жалға алу) берілген ауданның 25 % мөлшерінде осы аудандарды жалға алушының жалпы пайдаланымдағы орындарға қолжетімділігі ескеріледі.