БАСТЫ > ҚҰЖАТ

 
 
 

Іле ауданында «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі өңірлік комиссияның қазан айында атқарған жұмысы туралы
МӘЛІМЕТ

06.11.2017

 

«Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасының жұмысшы тобы туралы

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асырудағы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру  бойынша Іле  ауданы әкімінің 2017 жылғы 22 маусым, №44-ө н/қ өкімі бойынша аудандық комиссия құрамы, жобалар жөніндегі жұмыс топтарының құрамы, кеңес құрамы, сарапшылар кеңесінің құрамы мен жұмыс жоспары бекітілді. Комиссия құрамы – 31 адамнан тұрады. Құрамында аудан әкімі аппараты, ауыл, кент әкімдері, мекеме басшылары, жастар ұйымы, БАҚ өкілдері, саяси партиялар мен этомәдени бірлестік жетекшілері тартылды.

        Ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017-2018 жылдары - 52 жоба жүзеге асырылады.

 Қазан айында атқарылған жұмыстар:

     1.1.   8  қазан күні  Жәпек батыр ауылындағы  № 4 орта мектептің «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері  8 «А», 7 «А», 8«Е» сынып оқушылары Шубаев көшесінде тұратын зейнеткер, тыл ардагері Қалиев Әскер атаның үйіне барып, көмек көрсетті. Әскер ата оқушыларымызға батасын беріп, ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

    1.2. 18 қазан күні Жәпек батыр ауылындағы  № 4 орта мектептің 4 «А», 4 «Ә», 4 «Д» сынып оқушылары сынып жетекшілері Э. Башакова   мен А. Қарғабаеваның   ұйымдастыруымен  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Бәйдібек бидің әйелі-Домалақ ананың кесенесіне саяхат жасады. Оқушылар Домалақ ананың кемеңгерлігі мен даналығы, қадір-қасиеті жайлы естеліктермен танысып, ел аузында жүрген аңыз –әңгімелерін тыңдап, Әулие ананың қасиетіне таңқалысып, рухани байып қайтты.

      1.3. №38  мектеп-гимназисы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске мақсатында мектеп окушылар бір күндік экскурсияға  Алатау-Іле паркі,  Ж.Жабаев атындағы мұражай және Қазақстан мемлекеттіқ орталық музейіне 2017 жылдың 6,7,11,12,15,17 қазан күндері 6-9 сынып оқушылары жалпы 249 оқушы қамтылып саяхат жасады.

     1.4. 20 қазан күні Жәпек батыр ауылындағы  № 4 орта мектептің 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б» және 5 «Г» сынып оқушылары сынып жетекшілері С. Сандина  мен Ж. Райымбекованың  ұйымдастыруымен  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Алматы қаласындағы Д. Қонаев атындағы мұражайға барып, мұражайдағы құнды деректермен танысып, тарихымызға шолу жасап, рухани жаңғырып қайтты.

     1.5. 21 қазан күні  Алматы облысындағы Есік қаласындағы «Алтын Адам» мұражайына  9а, 9ә, 5а, 5ә сынып оқушыларды ДТІЖО - Ғ.З. Құсайнова, ДТІЖО – А.Б. Тоқымбаева, сынып жетекші К. Көпеева «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы  бойынша саяхат жасады.

          2.  Туған жер бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында                        

         2.1 11 қазан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Туған жер кіші бағдарламасының негізінде ауыл азаматы, аудандық маслихат депутаты, жеке кәсіпкер «Даулет - Бекет» ЖШС-нің директоры С.Давлетов Ақши ауылында

өз қаражат есебінен 7 млн теңгеге жаңа үй құрылысын салып, ауыл азаматтарының пайдалануына беріп, ресіми ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Рәсімге - 35 адам қатысты.

         2.1. 25 қазан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында КазЦИК ауылдық округінің жеке кәсіпкерлері бірлесіп жалпы суммасы 1 млн.тенге көлемінде бейіт қоршауларын жасап берді.

3. «Рухани қазына» бағдарламасы аясында өтілген шаралар.

3.1. 07 қазан Ақши ауылында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Денсаулық фестивалі» кең ауқымды акциясы шеңберінде жеңіл атлетикадан №8, №41 орта мектептердің 5-10 сынып оқушылары арасында жарыс өткізілді. Жүгіру жарысына 265 оқушы қатысты.

3.2. 13 қазанында М.Түймебаев ауылы № 43 орта мектептің мәжіліс залында Ата баба дәстүрі ұрпаққа аманат бағдарламасы аясында «Жарасымды көршілер-сенімді әріптестер» атты аудандық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шарада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кітап көрмесі, қол өнер көрмесі қойылды.

3.3. 07-08 қазан күндері аралығында Өтеген батыр кентінде орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері, еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт ардагері Мусабек Қапановтың 70 жылдығына арналған еркін күрестен 2000-2001 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнирі өткізілді. Аталған Турнирге Республикамыздың 8 облыс, 2 қала,  3 ауданнан барлығы 250-ден жас балуандар қатысты.

3.4.  14 қазан күні Өтеген батыр кентінде орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында волейболдан «Ұлы дала батыры», «Чернобыль батыры» Мухиддинов Нурхайын Мухиддинұлының жүлдесіне арналған аудандық ашық турнирі өткізілді. Жарысқа ауылдық, кенттік округтерімізден 8 команда қатысты.

 3.5. 15 қазан күні Ащыбұлақ ауылдық округінің М.Түймебаев ауылында орналасқан №20 орта мектеп спорт залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру шеңберінде Халық Қаһарманы, ҚР тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлын еске алуға арналған Джиу-джитсу күресінен жасөспірімдер арасында ашық турнирі өткізілді. Аталмыш турнирге Алматы және Алматы облысында джиу-джитсумен айналысатын 5-17 жас аралығындағы 150-ден астам жасөспірім спортшылар қатысты.

 3.6. 21-22 қазан күндері аралығында Ақши ауылының №8 орта мектеп спорт залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырпу» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Садуақас Бигелдіұлын еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасында Іле ауданының ашық біріншілігі өткізілді. Жарысқа 14 команда қатысты.

         3.7. Өтеген батыр кентінің №38 орта мектебінде «Жастар қоғамдық бірлестігі» ҮЕҰ «Жемқорлықпен күрес әр азаматтың міндеті!» - тақырыбы аясында дөңгелек үстел өткізді. Қатысқандар саны – 30 адам.

         3.8. Өтеген батыр кентінің №7 орта мектебінде «Жастар қоғамдық бірлестігі» ҮЕҰ «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өткізді. Қатысқандар саны – 25 адам.

         3.9. Өтеген батыр кентінің заң колледжінде «Жастар қоғамдық бірлестігі» ҮЕҰ «Құқық бұзушылыққа орын жоқ» тақырыбы аясында семинар-кеңес өткізді. Қатысқандар саны – 35 адам.

         3.10. Боралдай кентінің №39 лицейінде «Жастар қоғамдық бірлестігі» ҮЕҰ «Менің елім – Қазақстан» тақырыбы аясында жастар арасында интелектуалды байқау өткізді. Қатысқандар саны – 40 адам.

         3.11. КазЦИК ауылдық округінің «Жастар қоғамдық бірлестігі» ҮЕҰ №31 орта мектебінде «Жемқорлықпен күрес – басты міндет» тақырыбы аясында конференция өткізді. Қатысқандар саны – 28 адам.

         3.12. КазЦИК ауылдық округінің «Жастар қоғамдық бірлестігі» ҮЕҰ №31 орта мектебінің оқушыларымен Алматы қаласындағы тұңғыш Президент қорына саяхат ұйымдастырды. Қатысқандар саны – 32 адам.

         3.13. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы  аясындағы 19 қазан 2017 жылы Іле ауданында «Рухани Керуен» жобасының ісшарасы болып өтті.

      - Шараның жалғасы ҰҚҚ, аудандық ішкі істер бөлімі, ауыл кент әкімдерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру: жарқын істердің бастамасы» тақырыбында деструктивке шалдыққан отбасы мүшелерін қоғамға бейімдеу бойынша әлеуметтік мәселелерін шешу жолдарын қарастыру мақсатында кездесуге ұласты. Сонымен қатар, деструктивті діни ағым ықпалына түскен азаматтармен оңалту жұмыстарын жүргізілді.

      - «Денсаулық  - болашақ кепілі!» тақырыбында діни себептермен екпе, қан құюдан бас тартқан азаматтармен жұмыс аудандық емхана басшысы                            М. Егембердиеваның қатысуымен Өтеген батыр кентінің №7 орта мектебінің акт залында жүргізілді.

      - Аудандық «Нұр Отан» ғимаратында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының бірінші орынбасары Е. Тұрымбетов пен аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Ә. Исаевтің жетекшілігімен «Ұлттық рух рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында, ардагерлер алқасымен рухани кездесу болды.  Ал, Өтеген батыр кентінде орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығында «Рухани жаңғыру: туған жер – алтын бесік» тақырыбында сурет және кітап көрмесіне (флаерлер, үлестірме қағаздарын тарату) ұласты.

      - Аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық оқу бөлімі  басшысыларының жетекшілігімен Өтеген батыр кентінің №24 лицейінде «Ақпараттық түсіндіру жұмысы –  діни сауаттылықты арттырып, рухани байлығымызды дәріптейді» тақырыбында білікті дінтанушы ғалымдардың ақпараттық түсіндіру тобы, аудандық түсіндірме тобының мүшелері, директордың тәрбие ісінің меңгерушілері, дінтану пәнінің мұғалімдері, білім беру мекемелеріндегі «жас насихатшы» мүшелері және ерікті маргиналды жастармен кездесу болды.

       - Іс-шараның жалғасы Өтеген батыр кенті №38 гимназия акт залында «Дінаралық татулық – болашаққа нық қадам» айдарында діни бірлестік жетекшілерімен кездесу өтті.

       - «Рухани Керуен» жобасының атаулы іс-шарасы Өтеген батыр кенті облыстық жас өспірімдер спорт мектебінің спорт залында «Дін бірлігі – ел тұтастығының кепілі!» айдарында діни бірлестіктер жетекшілерімен спорттық жарыспен аяқталды.

       4. «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы аясында  

Сонымен қатар аудан аумағында «Туған жер», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» атты 14 билборд, 23 керме, халық көп жиналатын орындарда А4 форматында, А3 форматында тағы да басқа үлгілерде көрнекі үгіт құралдары  орнатылды.  Аудандық «Іле таңы» газетінде «Рухани жаңғыру» атты айдар ашылып, «Талмай ізденіс – жаңа үрдіске беталыс», «Ұлт тарихындағы ұлы белес», «Латын әліпбиі бізге таңсық емес», «Переход на латиницу – важная трансформация для всех нас», «Мечтайте и стремитесь к мечте!»  тақырыбында мақалалар жазылып, қазан айында барлығы 37 мақала жарық көрді. Республикалық «Kaharman.kz» журналында-4 мақала, облыстық «Райымбек» газетінде-3 мақала жарық көрді.

    Атқарылған шаралар легі аудан әкімінің ресми сайтында «Іле Руханияты», Фейзбук желісінде, Instaqram желісінде, аудан әкімінің сайтынан  «Руханият-Іле» бөлімшесі ашылып, атаулары мен ғаламтор желілерінде арнайы парақшалар ашылып, салынды.

 Қазан айында «Тәрбие және білім» бағдарламасы аясында-8, «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында-7 жоба, «Рухани қазына» бағдарламасы аясында-6, «Ақпарат толқыны» бағдарламасы аясында-6, барлығы 27 шара өткізіліп,2350 адам қамтылды.

Атаулы шараларға «Фараби нұры», «Адам және қоғам», «Іле мұрагері», «Болашақ» және «Ауған соғысы ардагерлері» ҮЕҰ, барлығы-5 ҮЕҰ белсенді ат салысты.

                      Бөлім басшысы                         С.Жарқынбеков