БАСТЫ > ҚҰЖАТ

 
 
 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының
Іле ауданы бойынша жүзеге асырылуы туралы қорытынды
МӘЛІМЕТ

24.01.2018

«Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасының жұмысшы тобы туралы

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асырудағы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру  бойынша Іле  ауданы әкімінің 2017 жылғы 22 маусым, №44-ө н/қ өкімі бойынша аудандық комиссия құрамы, жобалар жөніндегі жұмыс топтарының құрамы, кеңес құрамы, сарапшылар кеңесінің құрамы мен жұмыс жоспары бекітілді. Комиссия құрамы – 31 адамнан тұрады. Құрамында аудан әкімі аппараты, ауыл, кент әкімдері, мекеме басшылары, жастар ұйымы, БАҚ өкілдері, саяси партиялар мен этомәдени бірлестік жетекшілері тартылды.

        Ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017-2018 жылдары - 66 жоба жүзеге асыру жоспарланған, оның 2017 жылы 31 жобасы жүзеге асырылды.

·        "Атамекен" (2 жоба);

·        "Тәрбие және білім" (2 жоба);

·        "Рухани қазына" (2 жоба);

·        "Ақпарат толқыны" (2 жоба).

·        «Туған Жер»  (23 жоба)

         2017 жылғы сәуір айынан бастап "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының негізгі кіші бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша 787-ге жуық іс-шара өткізіліп, 80 мыңнан аса аудан тұрғындары, оның ішінде мектеп оқушылары, мұғалімдер, студент жастар, ардагерлер, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қамтылды.  

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" жобасын

жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар:

         «Туған жер»  жобасын жүзеге асыру мақсатында «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан аса маңызды әлеуметтік жобалар қатарына жалпы сомасы 222 млн. теңгені құрайтын 23 жоба енгізілді.  

Атқарылған жобалардың ішіндегі ең қомақтысын атап айтсақ:

·        Акши ауылындағы имам үйі салынды. «Даулет Бекет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырды. Басшысы - С.А Давлетов. Жалпы сомасы - 7 млн.тенге.

·        Энергетический кентіндегі 1 шағын футбол алаңы салынды. Жеке кәсіпкер Г. Ахметова. Жалпы сомасы - 10 млн.тенге.

·        Боралдай кентіндегі 1 шағын футбол алаңы салынды. Жеке кәсіпкер            И.В Шамиев. Жалпы сомасы – 7 млн.тенге.

·        КазЦИК ауылындағы «Айдар» спорт клубы салынды. Жеке кәсіпкер                Д. Жайнакова. Жалпы сомасы – 2 млн.тенге.

·        Чапаев ауылындағы «Олимп» мұз айдыны салынды. Жеке кәсіпкер                 Т.Д Лель. Жалпы сомасы - 30 млн.тенге.

·        Туймебаев ауылында жалғыз басты аналарға арналған 1 тұрғын үй салынды. Жеке кәсіпкер - Н.У Салиханова. Жалпы сомасы – 7 млн.тенге.

·        Өтеген батыр кентіндегі №38 м/г алаңын спорт алаңын жасалды. Жеке кәсіпкер Д. Бұлымбаева. Жалпы сомасы – 19 млн.тенге.

·        Ынтымақ ауылы тұрғындарына арналған гигеналық тазалық орталығы (монша, шаштараз) салынды. Жеке кәсіпкер Ғ. Батырбеков. Жалпы сомасы -70 млн.тенге.

·        Байсерке округі Жаңадәуір ауылында мешіт имамына арналған үй салынды. Жеке кәсіпкер Т. Шегебаев. Жалпы сомасы – 10 млн.тенге.

·        Жетыген ауылындағы №3 о/м «Түлектер саябағы» салынды. Жеке кәсіпкер, мектеп түлектері. Жалпы сомасы – 3 млн.тенге.

          Іле ауданындағы «Берекет» саяжайының жолына жөндеу жұмыстары жасалынды. Жалпы сомасы – 20 млн.тенге және т.б. жобалар.

         «Атамекен» бағдарламасы аясында «Туған жерге – туыңды тік!» тақырыбында ауданнан шыққан атақты тұлғаларды, кәсіпкерлер мен меценаттарды туған жеріне, өзінің  ауылының әлеуметтік дамуын қалыптастыру, ұлттық патриотизмді  қалыптастыру мақсатында жерлестер форумы өтті. Форумға 15 түлек қатысып, өз бастамаларымен Жетыген, Күрті, КазЦИК, Ашыбұлақ ауылдарында балалардың ойын алаңы, тұрғын үйлердің қоршауларын жасатты. Жалпы сомасы – 9 млн.тенге.

        «Тәрбие және білім»  бағдарламасының «Өлкетану» базалық жобасы аясында айында аудан тарихын  оқыту  мақсатымен   «Ілетану» оқулығының бағдарламасы мен оқу құралы жасалып, 2017 жылдың 1 қыркүйектен 8-9 сынып оқушылары арасында факультатив есебінен 1 сағаттан  оқыту жүзеге асырылды.

        «Жаныңда жүр жақсы адам» жобасы аясында Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті Кенен Әзірбаев атындағы № 15 орта мектебінде «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» атты ақын Төрткен Кененқызымен кездесу өтті. Мақсаты: Оқушыларға  ауданның танымал  әрі «100 есім» жобасына кірген, ҚР-ның Мәдениет қайраткері, Іле ауданының құрметті азаматы Т. Кененқызының өмір тарихымен таныстыру. Кездесу жоғары  деңгейде өтті. Төркен Кененқызы  жастарға өнер тарландары мен  шығармашылығын айтып, ақыл кеңесін берді.   Кезесуге 7-11-сыныптардан 324 оқушы және 46 мектеп ұстаздары қатысты. Келген қонақтар мектептегі Кенен Әзірбаев атындағы мұражайды тамашалады. 

   «Күрті» БПҰ-мы жанындағы № 8 орта мектеп партия тобының ұйымдастыруымен отбасы мүшелерінің арасындағы жылы қарым – қатынас туралы, отбасына деген қамқорлығын аялауды,  отбасындағы сыйластыққа, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу мақсатында «Әр отбасы - мемлекеттің тірегі!» атты дөңгелек үстел өтті. Атаулы шараға 70-ке адам қатысты.

           «Рухани қазына» кіші бағдарламасының  «Өнегелік құндылықтар», «Туған өлке мәдениеті», «Тарихи-мәдени мұра», «Жергілікті туризм» бағыты бойынша, Алматы облысындағы «Шарын» шатқалы, Алматы қаласындағы тұңғыш Президент мұражайы, Ұзынағаш ауылындағы «Жамбыл ата» мұражайы, Покровка ауылндағы Әлмерек баба кесенесіне және т.б тарихи-мәдени жерлерге 52 саяхат жасалынып, 7200 оқушы қамтылды.

 «Ақпарат  толқыны»  бағдарламасы аясында 2017 жылдың жобасымен «Саясат мінбесі»  жиыны өтіп, атаулы бағдарламаны үздік насихаттаған 25 адамға аудан әкімінің марапаты табыс етілді.

Сонымен қатар аудан аумағында «Туған жер», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» атты 16 билборд, 26 керме, халық көп жиналатын орындарда А4 форматында, А3 форматында тағы да басқа үлгілерде көрнекі үгіт құралдары  орнатылды.  Аудандық «Іле таңы» газетінде «Рухани жаңғыру» атты айдарында барлығы 130 мақала жарық көрді. Оның ішінде: Республикалық «Kaharman.kz» журналында-10 мақала, «Айқын» газетінде – 1 мақала, облыстық «Райымбек» газетінде-5 мақала, «Жетысу» газетінде – 7 мақала жарық көрді.

    Атқарылған шаралар легі аудан әкімінің ресми сайтында «Іле Руханияты», Фейзбук желісінде, Instaqram желісінде, аудан әкімінің сайтынан  «Руханият-Іле» бөлімшесі ашылып, атаулары мен ғаламтор желілерінде арнайы парақшалар ашылып, 1100 ақпарат салынды.

 Атаулы шараларға «Фараби нұры», «Адам және қоғам», «Іле мұрагері», «Болашақ» және «Ауған соғысы ардагерлері» ҮЕҰ, барлығы-5 ҮЕҰ белсенді ат салысты.

2018 жылы 24 жоба тіркеу реестрінде тіркелінген. Оның ішінде «Ақпарат толқыны» бағдарламасы бойынша – 2, «Тәрбие және білім» - 3, «Руқани қазына» - 3, «Атамекен» - 3, «Туған Жер» - 23 жоба жоспарланды.

 

 

                     Бөлім басшысы                              С.Жарқынбеков