БАСТЫ > САЙЛАУ > Күнтізбелік жоспар

 
 
 
2015 жылғы 28 қазанға тағайындалған
Междуреченск ауылдық округінен шығып кеткен әкімнің орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары
 

1. Іле ауданы тұрғындарының назарына «Іле таңы» газеті арқылы сайлау күні туралы хабарды жеткізу.

Іле аудандық сайлау комиссиясы.
(п.11)

2. «Іле таңы» газетінде Іле аудандық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.

Іле аудандық сайлау комиссиясы.
Сайлау тағайындалғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей.
(пп.1), 7) п.9)

3. Әкімдікке кандидаттарды балама негізде Іле аудандық сайлау комиссиясына аудан әкімнің ұсынымы мен кандидаттардың Іле ауданы аумағында әкімдікке кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініштерді беруі арқылы ұсыну.

Іле ауданының әкімі.
Сайлау күнінен 30 күн бұрын – 2015 жылғы 28 қыркүйекте басталады және сайлау күніне 25 күн қалғанда – 2015 жылғы 02 қазанда аяқталады.
(п.п. 13, 14, 15)

4. Таңдаушылардың тізімдерін жасау және оларды дауыс беруге арналған пунктте ілу.
Іле аудандық сайлау комиссиясы аудандық мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша.
Дауыс беру күніне 7 күн қалғанда – 2015 жылғы 21 қазанда.

(пп. 1, 7) п.п. 9, 48)

5. Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 3-тармағында және Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізу ережесінде қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау, тиісті хаттама жасау.

Іле аудандық сайлау комиссиясы.
Үш күннің ішінде.
(п.п. 12, 17, 19)

6. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2013 жылғы бірінші қыркүйекке табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).
Кандидат тіркелгенге дейін.
(п. 18)

7. Кандидаттарды тіркеу және тиісті куәлік тапсыру.
Іле аудандық сайлау комиссиясы
Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және дауыс беретін күнге 15 күн қалғанда – 2015 жылғы 12 қазанда аяқталады.
(п.п. 20, 24)

8. «Іле таңы» газеті арқылы немесе өзге тәсілмен кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлау.
Іле аудандық сайлау комиссиясы.
Кандидаттар тіркелгеннен кейін 7-ші күннен кешіктірмей – 2015 жылғы 20 қазанда.

(пп 1) п. 22)

9. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

Салық қызметі органдары.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларацияны тапсырған күннен бастап 7 күннің ішінде.
(п. 19)
10. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.
Іле аудандық сайлау комиссиясы.
Сенім білдірілген адамдардың тізімдерін тіркеу үшін берген сәттен бастап.
(пп. 2) п. 9, п.п. 33, 34)

11. Кандидаттарға таңдаушылармен кездесулері үшін шарт негізінде үй-жайлар беру.
Кандидаттардың бөлінген үй-жайда таңдаушылармен кездесу кестесін жасау және оны «Іле таңы» газетінде жариялау.
Ауданның жергілікті атқарушы органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары.
Іле аудандық сайлау комиссиясы.
Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде - 2015 жылғы 13 қазаннан - 2015 жылғы 26 қазанда жергілiктi уақыт бойынша 24 сағатта аяқталады.
(пп. 1, 7) п. 9)

12. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.
Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.
Кандидаттарды тіркеу аяқталған күннен басталады және сайлау күнiнiң алдындағы күнi – 2015 жылғы 13 қазаннан - 2015 жылғы 26 қазанда жергілiктi уақыт бойынша 24 сағатта аяқталады.
(п. 28)
13. Іле аудандық сайлау комиссиясында сайлау қорларын тіркеу.
Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.
Кандидаттың Іле аудандық сайлау комиссиясына өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күннің ішінде.
(пп.1, 7) п. 9)

14. Сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.
Іле аудандық сайлау комиссиясы.
Кандидат тіркелгеннен кейін.
(пп. 1, 7) п. 9)

15. Дауыс беруге арналған пунктті ашу, тиісті хаттама жасау.
Іле аудандық сайлау комиссиясы.
Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда.

(п. 52)

16. Әкімнің сайлауын өткізу. Әкімді сайлау жөніндегі дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жария ету, әкімді сайлау нәтижелері туралы хаттама жасау.
Іле аудандық сайлау комиссиясы.
Бір күннің ішінде - 2015 жылғы 28 қазанда. (п.п. 47-54)

17. Сайланған әкімді тіркеу. Шешімді аудан әкіміне және аудандық мәслихатқа ұсыну.
Іле аудандық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімде –
2015 жылғы 01 қарашадан кешіктірмей.
(п. 57)

18. Кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясына есеп беруі.
Әкімдікке кандидаттар.
Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей - 2015 жылғы 01 қарашадан кешіктірмей.
(п. 44)

19. «Іле таңы» газетінде сайлау қорытындылары және сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жариялау.
Іле аудандық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткізілген күннен бастап 4 күннен кешіктірмей –
2015 жылғы 31 қазаннан кешіктірмей.
(пп. 1, 7) п. 9, п. 59)



Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидалары нормаларына сілтемелер жасалды.