БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ

 
 
 
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
рұқсаттар мен хабарламалар туралы
11.02.2016
 Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы сіздерге Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Заңының 21-1- бабы 3- тармағына сәйкес эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілердің қызметі (пайдаланылуы) объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынбай жүзеге асырылады.
Дегенмен, жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңында көрсетілген тәртіп бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарлауы міндетті.
Сонымен бірге, жеке және заңды тұлғалар эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғанға (оларды пайдалану) дейін обьектіні халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер және гигиеналық нормативтер талаптарына сәйкес келтіруі тиіс.
Және де, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 27-бабы 4-тармағына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау үшін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат алуға не хабарлама жіберуге міндетті.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдарын енгізу қызмет немесе әрекеттер (операциялар) қауіпсіздігінің жеткілікті деңгейін, кәсіпкерлік субъектілеріне объективті түрде қажетті ең аз жүктеме кезінде тұтынушылардың құқықтарын барынша тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы №202-V ҚРЗ Заңына сәйкес (3-қосымшаның 30 және 31-тармағы) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі құрылымының бөлімі қабылдайтын хабарламалар тізбесіне «Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарлама»,
«Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қызметінің басталғаны туралы хабарлама» кіреді.
Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілер тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 30.05.2015ж. №414 «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнім мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығының 2-қосымшасында белгіленген.
Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы және санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қызметінің басталғаны туралы хабарламаны электрондық немесе қағаз нысанда келесі мекенжайға жіберуге болады: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Қолдасов көшесі, 8 үй, тел. факс. 8-727-2517-754, электрондық пошта ili_ses@mail.online.kz. Хабарлама нысаны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» №4 бұйрығының 2 қосымшасында көрсетілген.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес рұқсат (ілеспе рұқсаттан басқа) алу және хабарлама жіберу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тұлғалар тобы үшін міндетті болып табылады, ал оларды алмай қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа алып келуі мүмкіндігі туралы мәлімет үшін хабарлаймыз.


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015жылғы 30 мамырдағы №414 «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнім мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығынан көшірме (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015жылғы 14 шілдеде № 11658 тіркелген).

2. Эпидемиялық маңызы елеусіз объектілер:
1) техникалық және кәсіптік оқыту, ортадан кейінгі және жоғары білім беру ұйымдары;
2) балалар мен жасөспірімдердің демалыс, дене тәрбиесі және шығармашылық қасиеттерін дамыту ұйымдары (қосымша білім беру меемелері) – балалар мен жасөсіпірмдердің шығармашылық орталықтары, музыка, спорт және көркемөнер мектептері, балалар-жастар орталықтары, аула клубтары, жас натуралисттер станциялары, оқу-өндірістік комбинаттар, оқу курстары және басқа да мектептен тыс ұйымдар, тамақтандыру ұйымдастырылмаған бала күтуші көрсететін қызметтер;
3) балалар мен жасөспірімдер үшін өнімдерді дайындау, сақтау және өткізу объектілері (аяқкиім, киім, ойыншықтар);
4) тұрғындарға компьютерлер (дербес компьютерлер, планшетті дербес компьютерлер, ноутбуктер) және бейнетерминалдар (компьютер клубтары) арқылы қызмет көрсететін объектілер;
5) отыратын орын саны 50-ден кем тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері;
6) көлік құралдарына (теміржол, автомобиль, су және әуе) және жолаушыларға қызмет көрсету объектілері;
7) тамақ өнімдерін автоматты дайындауға және өткізуге арналған аппараттар;
8) кремі жоқ кондитерлік өнімдерді өндіру объектілері;
9) ұнның жартылай фабрикаттарын, макарон өнімдерін өндіретін объектілер;
10) чипсілерді, кептірілген нанды, жүгері таяқшаларын, казинакилерді, шемішкелерді, құрғақ таңертеңгілік асты, слайстарды, қант мақталарын, поп-корн, қуырылған жаңғақтарды өндіретін объектілер;
11) дайын тамақ өнімдерін өлшеп-орау объектілері;
12) тағамдық концентраттар мен тағамдық қышқылдарды өндіру объектілері;
13) шай, ашытқы және желатин өндіру объектілері;
14) крахмалды-сірнелі өнімдерді, крахмал өндіретін объектілер;
15) наркологиялық, медициналық-әлеуметтік оңалту және психиатриялық (наркологиялық аурханалар және диспансерлер, медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтары, психиатриялық ауруханалар және диспансерлер) стационарлық медициналық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары;
16) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
17) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту денсаулық сақтау ұйымдары;
18) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы көтерме және бөлшектеп сату объектілері;
19) жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация денсаулық сақтау ұйымдары;
20) апаттар медицинасы денсаулық сақтау ұйымдары;
21) паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары;
22) дәстүрлі және халық медицинасы (емшілік) объектілері;
23) дезинфекция, дезинсекция, дератизация заттары мен препараттарын, вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық, диагностикалық препараттарды дайындайтын, өндіретін, қайта өңдейтін, сондай-ақ оларды пайдаланумен байланысты жұмыстар мен қызметтердің түрлерін көрсететін объектілер;
24) теріні және шырышты қабықты бұзбай косметикалық қызметтер көрсететін шаштараздар, сұлулық салондары, косметологиялық орталықтар;
25) сыйымдылығы 20 орынға дейін спорт-сауықтыру мақсатындағы объектілер, моншалар, сауналар;
26) әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым объектілері (мәдени-ойын-сауық объектілері, мәйіттер, жерлеу мақсатындағы объектілер, адамдар уақытша тұратын объектілер (қонақүйлер, мотельдер, кемпингтер, жатақханалар), тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, кеңселерді пайдалану ұйымдары, үйлерді басқаратын ұйымдар, үй-жайлар меншіктері кооперативтері, қоғамдық дәретханалар, кір жуу, химиялық тазарту, тазарту құрылыстары және өзгелері);
27) қызмет көрсететін халықтың саны 2 мың адамға дейін орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері;
28) су құбыры, кәріз, жылу жүйелері, қазандыққа қызмет көрсету объектілері;
29) кәріздік тазарту құрылыстары мен желілері (оның ішінде жауын шашын);
30) өндірістік объектілердің санитариялық сыныптамасына сәйкес 1 және 2 қауіптілік сыныптарына жататын қызмет түрлері (химиялық өндірістер, металлургиялық, машина жасау және металл өңдеу объектілері, кен, кенсіз қазбаларын, табиғи газды өндіру, құрылыс өнеркәсібі, 1 және 2 қауіптілік сыныптарының уытты өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зарарсыздандыру, көму полигондары, сағатына 120 килограмм және одан көп медициналық қалдықтарын жинау, сақтау, тасымалдау, шығару, сұрыптау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату (өртеу) объектілері, минералды отынды жағу кезіндегі электр және жылу энергиясы өндірісі, радиобайланыс, радиохабар, теледидар, радиолокация және радиобасу стационарлық радиотехникалық объектілері);
31) спорт-сауықтыру мекемелері;
32) саябақтар;
33) иондаушы сәулелеу көздері бар радиациялық объектілер, ең аз маңызды белсенділігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 261 бұйрығымен (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11205 болып тіркелген) бекітілген, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік орган бекіткен «»Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалардың 4-тармағында көзделгеннен төмен радиоактивті қалдықтар;
34) тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауыз суды, тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары (теміржол, автомобиль, су, әуе);
35) парфюмериялық-косметикалық өнімдерді, гигиена құралдарын сақтау қоймалары;
36) парфюмерлік-косметикалық өнімдерді және гигиеналық заттарды өндіру объектілері;
37) көтерме, бөлшектеп сату базарлары және көтерме, бөлшектеп сату объектілері.




Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 4 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылдарды жүзеге асыруды
бастағаны немесе тоқтатқаны туралы
хабарлама*
1. __________________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
2. Осымен ___________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның
бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға
филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)/ жеке
тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі)
__________________________ бойынша қызметті жүзеге асыруды бастағаны
_______________________________ бойынша іс-қимылды жүзеге асыруды
бастағаны __________________________________________ бойынша қызметті
(қызметтің немесе іс-қимылдың атауы көрсетіледі)
жүзеге асыруды тоқтатқаны
жеке тұлғаның заңды мекенжайының _____
заңды тұлғаның орналасқан жері _____
қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мекенжайының _____
хабарламада көрсетілген деректердің**________________________________
__________________________________ өзгергендігі туралы хабарлайды.
(тиісті жолда Х белгісі қойылады)
** Хабарламада көрсетілген тіркеу деректері өзгергенде толтырылады.
Осы жолда заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық
атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның
бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға
филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)/ жеке
тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
3. Заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы/жеке тұлғаның заңды
мекенжайы ___________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, облысы,
қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
_____________________________________________________________________
4. Электрондық пошта ________________________________________________
5. Телефондар _______________________________________________________
6. Факс _____________________________________________________________
7. Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(лары) ___________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
8. Қосымша мәліметтер _______________________________________________
(Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген жағдайларда тиісті ақпарат көрсетіледі)
9. Хабарламаға ______________________________________________________
______________________________________________________ қоса беріледі.
(құжаттар атауы және парақтар саны көрсетіледі)
10. Қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылуы
_______________ басталады.
(уақыты мен мерзімі)
11. Қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылуы _______
тоқтатылады. (уақыты мен мерзімі)***
*** осы жол Қазақстан Республикасының заңдарында хабарлама беру
кезінде қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыруды тоқтату уақыты мен
күні туралы ақпаратты ұсыну белгіленген жағдайларда ғана толтырылады.
Осы хабарламаны бере отырып, өтініш беруші мына төмендегілерді растайды:
көрсетілген барлық деректер ресми болып табылады және оларға
қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мәселелері бойынша кез келген
ақпарат жолдануы мүмкін;
өтініш берушіге мәлімделген қызметтің түрімен немесе жекелеген
іс-қимылдармен айналысуға сот тыйым салмайды;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келеді және
жарамды болып табылады;
өтініш беруші қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыруды
бастағанға дейін одан әрі де орындау үшін міндетті Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
12. Өтініш беруші ___________________________________________________
________________________ ____________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда) Берілген күні және уақыты
20__ жылғы «__» ________ «___» сағ. «___» мин.
13. Тұлға хабарламаны сенімхат бойынша берген жағдайда:
Сенім білдірілген тұлға ________________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
____________________________________________________________________
Сенімхаттың күні және нөмірі
Берілген күні және уақыты: 20__ жылғы «__» ______ «__» сағ. «__» мин.

*белгілі бір іс-қимылдарға Заңмен бекітілген Хабарламалар тізбесінің 9, 13, 19, 29, 31 тармақтарында көзделген іс-қимылдар жатады.