БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ

 
 
 
Халықтардың, кәсіпкерлердің, қожалық субъектілері басшыларының назарларына!
 

Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» №983 Қаулысына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бойынша Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету тікелей тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында, халыққа қызмет көрсету орталығы және «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Тізілімге сай тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиоло¬гиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемио¬логиялық қорытынды беру», «Жобаларға, өнімдерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру», «Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын келісу» мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы «өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, орналастыру» және «құрылыс жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды және өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді реконструкциялау кезінде оның техникалық-экономикалық негіздемесіне, жобасына» балама (альтернативті) мемелекеттік қызмет көрсетіледі.
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы келесі мемлекеттік қызмет түрлері жүргізіледі. 1) «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу», 2) «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиоло¬гиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемио¬логиялық қорытындылар беру», 3) «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру», 4) «Жобаларға, өнімдерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру», 5) «Микробиологиялық зертханаларға патогендігі 1-4 топтардағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге рұқсат беру», 6) «Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын келісу».
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында барлық мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі. Құрметті аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, қожалық субъектісі басшылары жемқорлық бұзушылығын алдын алу мақсатында, санитарлық-эпидемиологиялық қортындыларды жоғарыда көрсетілген балама (альтернативті) мемелекеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орталығы және www.e.gov.kz «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электронды цифрлы қолы бар болу арқылы ала аласыздар.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша Өтеген батыр кенті, Қолдасов Султан көшесі 8, 251-77-54, 2-28-17 телефоны немесе электрондық адреске: ili_ses@mail.onlaine.kz хабарласуларыңызға болады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы