БАСТЫ > Іле аудандық статистика басқармасы > ҚҰЖАТ
 
 
 
 
ҚР АШМ және ҚРСА деректер қорының арасында салыстыру өткізу бойынша ұсынымдар 05.12.2014


1.Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық малдарының мал басы жөніндегі ақпараттың дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында әр шаруашылық бойынша кітаптарды жүргізуге жауапты әкімдер «электрондық әр шаруашылық бойынша кітаптарға»(бұдан әрі –ЭӘШК)енгізілген ақпаратты ветеринарлық орындардағы ветеринариялық дәрігерлер жүргізетін ауыл шаруашылық малдарының бірдейлендірілген деректер қорындағы (бұдан әрі – АМБ ДҚ) ақпаратпен салыстыруды ұйымдастыруы қажет.
2.Деректерді салыстыру үдерісіне: ветеринариялық орындардағы ветеринариялық дәрігерлер және ЭӘШК жүргізуге және өзектендіруге жауапты әкімдер немесе кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдіктерінің лауазымды тұлғалары қатысуы қажет.
3.Ауылшаруашылық малдарының мал басы бойынша деректерін салыстыру:
- ауылдық округ (аудан) деңгейінде – ай сайын;
- кенттердің,ауылдардың,ауылдық округтердің үй шаруашылықтарын аралау деңгейінде – есепті жылғы 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша жылына 2рет жүргізілуі қажет.
4.Ветеринариялық орынның ветеринариялық дәрігері ЭӘШК мал шаруашылығының көрсеткіштерімен салыстыру үшін АМБ ДҚ-дан шығарып алуы қажет:
1) Ауылшаруашылық малдарының иелері бойынша сәйкестендіруді жүргізу жөніндегі тізімдеме (1-қосымша);
2)Тізмдеме.Мал иелері бойынша ақпарат (2-қосымша).
АМБ ДҚ-дан дайын ақпаратты мал дәрігері ЭӘШК жүргізуге жауапты тұлғаға беруі қажет.
ЭӘШК жүргізуге жауапты тұлға ветеринариялық орынның ветеринариялық дәрігері алынған деректерді салыстыруы және ауылшаруашылық малдарының мал басының санындағы айырмашылықты айқындауы қажет.
Айқындалған айырмашылықтар бойынша ақпарат –қосымшаға сәйкес ауылдық округ әкіміне ұсынылады.
5.Едәуір айырмашылықтар айқындалған жағдайда (5% -дан көп) ауылдық округтің әкімі ветеринария маманымен бірге «электрондық әр щаруашылық бойынша кітаптардағы» көрсеткіштерді түзету үшін шешім қабылдауы немесе ветеринариялық орындардағы ветеринариялық дәрігерге АМБ ДҚ-дан сәйкессіздіктерді жою туралы нұсқау беруі қажет.