БАСТЫ 

 
 
 
Қазақстанда бүкілхалықтық санақ 2020 жылы жүргізіледі 08.04.2019

 

Қазақсатан халқының санағын жүргізуді 2020 жылға ауыстырылды. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстан заңнамасы  және халқаралық ұсыныстар бойынша, халық санағы кемінде он жылда бір рет жүргізіледі. Бұл халық санағын жүргізу мерзімдерінің кезекті әлемдік раундтармен салыстырмалығын қамтамасыз ету үшін жасалды. Сондықтан санақ жүргізу арасында он жылдық мерзімді сақтауға Қазақстан үшін 2019 жылы қазан мен 2020 жылғы наурыз айы арсындағы мерзім қолайлы.

 «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңына сәйкес әлемдік деректермен салыстырмалықты қамтамасыз ету мақсатында халық санағының  кезекті әлемдік рауындын жүргізу, БҰҰ нұсқаулығымен, 1999 және 2009 жылдары өткізілген санақтардың тәжірибесін  ескере отырып 2019 жылы қазан мен  2020 жылдың 5 ақпан мен 5 наурыз аралығында жүргізу жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өткізілетіні анықталды.

Халқаралық әдіснамаға сәйкес, санақ жүргізудің ең жақсы кезеңдері күз-қысқы маусым. Бұл кезең халықты қамту және жиналған деректердің сапасы тұрғысынан ең табысты санақ жасау үшін барынша мүмкіндік береді. Осыған орай, 2020 жылы халық санағының ең қолайлы мерзімі – ақпан-наурыз айлары. Ұлттық санақты жүргізуді дайындау және өткізу бойынша бірқатар ұйымдастырушылық және нұсқаулық мәселелерді ескере отырып, 2020 жылдың наурыз айына дейін Қазақстан халқының санағын өткізу туралы шешім қабылданды.

Елімізде халық санағы әр 10 жыл сайын өткізіледі (соңғысы 2009 жылы өткізілген еді) Мұндай уақытша принциптегі санақ көптеген елде өтіп тұрады. Айрықша жағдайдағысы да бар. Мәселен, Канадада бұл рәсім әр бес жыл сайын өткізіледі.

Халық санағының арқасында мемлекет халық санын, этникалық құрамын барынша дәлірек біледі, өмір жағдайларындағы өзгешеліктерін анықтайды, бұрынғы есептермен салыстырып, өзгеру серпініне талдау жасайды. Сосын санақ нәтижесі бұдан кейінгі есептерге, жақын жылдарға жоспарға, болжам жасауға негіз болады.

Санақ процесін сандық жүйе де айналып өткен жоқ. Бланктерді халық онлайн түрде толтыратын болады. Санақ алушылыр планшет компьютерлерін қолдана отырып жүргізеді.

2020 жылы жалпыұлттық халық санағын сапалы және уақытында жүргізілуіне ат салысуларыңызды сұраймыз.

 

 

А.Ж. Бадирбеков

Іле ауданының  Статистика  басқармасының

бас маманы.