БАСТЫ 

 
 
 
Ақпарат 11.12.2018

 

Іле ауданының Статистика басқармасы 2019 жылғы жалпыұлттық халық санағын жүргізуге дайындық жөніндегі жұмыс тобын құру туралы аудан әкімінің 2018 ж. 16-шы қарашада №89 - өкімі   шыққанын хабарлайды.

«Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңына сәйкес әлемдік деректермен салыстырмалықты қамтамасыз ету мақсатында халық санағының  кезекті әлемдік рауындын жүргізу, БҰҰ нұсқаулығымен, 1999 және 2009 жылдары өткізілген санақтардың тәжірибесін  ескере отырып 2019 жылы қарашада Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өткізілетіні анықталды.

Елімізде халық санағы әр 10 жыл сайын өткізіледі (соңғысы 2009 жылы өткізілген еді) Мұндай уақытша принциптегі санақ көптеген елде өтіп тұрады. Айрықша жағдайдағысы да бар. Мәселен, Канадада бұл рәсім әр бес жыл сайын өткізіледі.

Халық санағының арқасында мемлекет халық санын, этникалық құрамын барынша дәлірек біледі, өмір жағдайларындағы өзгешеліктерін анықтайды, бұрынғы есептермен салыстырып, өзгеру серпініне талдау жасайды. Сосын санақ нәтижесі бұдан кейінгі есептерге, жақын жылдарға жоспарға, болжам жасауға негіз болады.

Санақ процесін сандық жүйе де айналып өткен жоқ. Бланктерді халық онлайн түрде толтыратын болады. Санақ алушылыр планшет компьютерлерін қолдана отырып жүргізеді.

2019 жылы жалпыұлттық халық санағын сапалы және уақытында жүргізілуіне ат салысуларыңызды сұраймыз.
 

Іле ауданының  Статистика  басқармасы