БАСТЫ 

 
 
 
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! 20.04.2018

               

            Мемлекеттік статистика органдары алғаш рет мақсаты туудың дамуы, отбасын қалыптастыру, отбасындағы гендер және ұрпақаралық қарымқатынастар бойынша өзекті және обективті деректер алу болып табылатын «Ұрпақ және гендер» іріктемелі зерттеуін өткізуде.

            Соңғы бірнеше онжылдықта  отбасы қатынастары қатты өзгерді, отбасылар тым шағын және тұрақсыз болып тұр, сондай-ақ ұрпақ арасындағы қатынастар өзгерді. Алынған деректер болып жатқан өзгерістерді түсінуге және тиімді отбасылық-демографиялық және гендерлік саясатты әзірлеу арқылы қажетті шаралар қабылдауға көмектеседі.

            Сізден алынған ақпарат қатаң құпияда сақталатындығына және тек статистикалық мақсаттарда ғана қолданылатынына кепілдік береміз.

            Зерттеуге қатысушы ретінде Сіз мүлде кездейсоқ таңдап алындыңыз, себебі іріктеу статистикалық деректер базасынан математикалық, кездейсоқ әдіспен жүргізіледі.

            Сізден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Сізге Сіз және сіздің үй шаруашылығыңызға қатысы бар бірқатар сұрақтар қойылады.

            Біз әңгімелесуге өзіңіздің бос уақытыңыздың  бір бөлігін бөлетініңізді түсінеміз және Сізге зерттеуге көмектескеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі және мемлекет саясатының тиімділігі Сіздің толық әрі егжей-тегжейлі жауаптарыңызға байланысты.

            Сауалнамалық пікіртерім жүргізу үшін 2018 жылғы 16 сәуір мен 31 шілде аралығында Сізге арнайы куәлігі бар интервьюер келеді. Оның келу уақытын статистика органдарынан нақтылауға болады.

            Сіз облыстық статистика департаменті бойынша байланыс телефонына қоңырау шалып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоя аласыз.

 

Телефондар 8 (727) 271-54-81

 

Іле ауданының статистика басқармасы