БАСТЫ 

 
 
 
Ақпарат ауылдық округтерге 21.06.2017

               

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетімен (бұдан әрі – Комитет) «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «е-Халық» әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу, сонымен қатар деректер базасының мониторингісі шеңберінде әкімшілік дереккөздердің деректерімен әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін салыстыру жүргізілді.

Электрондық әр шаруашылық бойынша есепке алу (халықтың жұмыспен қамтылу дәрежесі: зейнеткерлер және оқушылар) бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнеткерлердің саны деректерімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқушылар саны деректерімен салғастыру бойынша талдау жүргізілді. Салғастыру мен талдаудың қорытындылары бойынша көрсетілген санаттар бойынша айтарлықтай айырмашылықтар (талдау қорытындысы қоса беріледі) анықталды, яғни кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтардың әкімдері электрондық әр шаруашылық бойынша есепке алу шеңберінде халық санаттарын тиісті деңгейде   ағымдағы жылдың 1 шілдеден -  20 шілде аралығына  дейін қаматамассыз ету керек.

Анық статистикалық ақпаратты қалыптастыру мақсатында кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне үй шаруашылығы мүшелелерінің деректерін нақтылауды және жағдай бойынша үй шаруашылықтарын  аралау кезінде электрондық әр шаруашылық бойынша есепке алу бағдарламалық қамтамасыз етуге тиісті.

  

Іле ауданының cтатистика басқармасы