БАСТЫ 

 
 
 
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары 22.11.2018

 

2018 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы облысының Статистика департаментінің Іле ауданының Статистика басқармасы  қызметшілеріне  Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Жұмаділова Гүлбахыт Рымбекқызы мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы бірлесіп әзірлеген “Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары” нұсқаулығы Рocketbookты (покетбук - қойын кітапшасы) тапсырды. Нұсқаулықта мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақыттағы негізгі мінез-құлық қағидалары қарастырылған және олардың парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері берілген. Ол әдеп саласындағы мәселелер туындайтын жағдайда мемлекеттік қызметшілерге нұсқаулық құралы ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайлары туындаған сәтте қалай өзінің құқықтарын қорғауға және қайда жүгінуге болатыны жөнінде мәліметтер көрсетілген.

Сондай-ақ уәкіл Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалары мен Әдеп кодексін сақтау бойынша  дәріс берді. Сондай-ақ сыйлықтар туралы жадынама, киім үлгісі мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарды пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар бойынша мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстары  жүргізіліп және ол қызу талқыланды.