БАСТЫ > Іле аудандық статистика басқармасы > ҚҰЖАТ
 
 
 
 
Әр үй шаруашылығын есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамаға сәйкес дұрыс жүргізуін қадағалайтын бақылаудың III тоқсандағы қорытындысынан  



АҚПАРАТ

Бақылауды жүргізу кестесіне сәйкес Іле ауданының статистика басқармасы мамандары Казцик, Күрті ауылдық округтерінде тексеру бақылау жұмыстарын жүргізді. Бақылау қорытындысында жеке сәйкестендіру кодтары, үй шаруашылығының коды,статесептерінен алшақтық, үй шаруашылығында мал қоралары көрсетілмеген, т.б кемшіліктер болды.
Казцик ауылдық округында тексеру қорытындысы бойынша шаруашылық кітаптары мен (ЭПХ )элоктронды шаруашылық кітабына қондырылған мәліметтерде көп алшақтықтар бар. Мәселен 6-ө, 7-ө, 6-м, 7-м есептері Электронды кітаппен сәйкес келгенімен, шаруашылық кітабына мәліметтер енгізілмеген. Жоғарыда жіберілген қателіктері үшін жауапты бас маман Қ.Мусаевқа Іле аудандық статистика басқармасының нұсқауымен, Казцик ауылдық округы әкімінің 2014 жылғы 05 тамыз № 537 өкімімен ескерту берілді.
2014 жылдың ақпанынан желтоқсан айының соңына дейін белгіленген графикке сәйкес, жоспар бойынша Іле ауданы статистика басқармасының мамандары үй және шаруа қожалықтары кітаптарындағы есепке алу,электронды кітаптармен жұмыстарды бақылау тексеруді жалғастыра береді. Тексеру қорытындысы әр ай сайын Іле ауданы мен Алматы облысы әкіміне беріледі