БАСТЫ > Іле аудандық статистика басқармасы > ҚҰЖАТ
 
 
 
 
Әр үй шаруашылығын есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамаға сәйкес дұрыс жүргізуін қадағалайтын бақылаудың IV тоқсандағы қорытындысы 24.11.2014



                                                                                                               АҚПАРАТ

  Бақылауды жүргізу кестесіне сәйкес Іле ауданының статистика басқармасы мамандары Жетіген ауылдық округтерінде тексеру бақылау жұмыстарын жүргізді. Бақылау қорытындысында I-бөлімде 12-үйдің үй шаруашылығы мүшелерінің ЖСН-ні, электронды шаруашылық (ЭПХ) базасына енгізілмеген. Электронды шаруашылық базасында қателер (ФЛК) түзетілмеген.
 Жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді берілген 5 жұмыс күні ішінде түзетілгендігі жөнінде Жетіген округі әкімінің № 862 29.10.2014 жылғы жазған жауап хаты алынды.
 2014 жылдың ақпанынан желтоқсан айының соңына дейін белгіленген графикке сәйкес, жоспар бойынша Іле ауданы статистика басқармасының мамандары үй және шаруа қожалықтары кітаптарындағы есепке алу,электронды кітаптармен жұмыстарды бақылау тексеруді жалғастыра береді. Тексеру қорытындысы әр ай сайын Іле ауданы мен Алматы облысы әкіміне беріледі