БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ

 
 
 
Ауылдық округ әкімдерінің назарына! 26.07.2016

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-1 бабы және ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 13 бөліміне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бекітілген мемлекеттік органдардың тексерулері кестесі негізінде 2016 жылдың 2-ші жарты жылдығында Алматы облысының Статистика департаменті,Іле ауданының статистика басқармасы ауылдық округтерде 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізетінін хабарлайды.
Сізден мемлекеттік бақылауды тиімді және сапалы жүрізу үшін сондай-ақ, құқықтық көмек көрсету үшін және «Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтылығын нақтылауды жүргізу қағидалары» негізінде ветеринария саласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорларды қамтамасыз етуіңізді және сол үшін ветеринариялық жауапты мамандарының қатысуын қамтамасыз етуіңізді сұраймыз.
 

Іле ауданының статистика
басқармасы