БАСТЫ > Іле аудандық статистика басқармасы > ҚҰЖАТ
 
 
 
 
Әр үй шаруашылығын есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамаға сәйкес дұрыс жүргізуін қадағалайтын бақылаудың ақпан айындағы қорытындысынан 27.02.2015

АҚПАРАТ

Бақылауды жүргізу кестесіне сәйкес Іле ауданының статистика басқармасы мамандары Междуреченск ауылдық округінде тексеру бақылау жұмыстарын жүргізді. Бақылау қорытындысы бойынша үй шаруашылығы кітабы дұрыс жүргізілген, мәліметтер ЭШК, АМБДҚ және үй шаруашылық кітабымен сәйкес. Ал шаруа қожалық кітабымен жұмыс өте төмен деңгейде. 2013, 2014, 2015 жылдардың мәліметтері жоқ. Есебі кітапқа кіргізілген шаруа қожалықтарының мал басы ЭПКХ мен АМБДҚ (БД ИСЖ) сәйкес келмейді.
Жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді берілген 5 жұмыс күні ішінде түзетуге уақыт берілді.
2015 жылдың қаңтарынан желтоқсан айының соңына дейін белгіленген кестеге сәйкес Іле ауданы статистика басқармасының мамандары үй және шаруа қожалықтары кітаптарындағы есепке алу, электронды кітаптармен жұмыстарды бақылау тексеруді жалғастыра береді. Тексеру қорытындысы әр ай сайын Іле ауданы мен Алматы облысы әкіміне беріледі