БАСТЫ > Іле аудандық статистика басқармасы > ҚҰЖАТ
 
 
 
 
Мал басы туралы әкімшілік деректердің дәйектілігі  



Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі - Агенттік), мемлекеттік органдармен жүргізілетін бақылау іс-шараларының барысында, жергілікті атқарушы органдарымен статистика органдарына ұсынылатын мал басы бойынша деректерді бұрмалау фактілерінің анықталуы жалғасып жатқандығын хабарлайды.
Статистикалық деректерде ауылшаруашылық жануарларының мал басын жасанды асырып көрсету фактілерін анықтау мәнін, ағымдағы жылы Қостанай облысының Әулиекөл ауданының прокуратурасы «Ветеринария туралы» заңнаманы сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізді. Тексерумен 2014 жылдын 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 7-ж нысаны (жұртшылық шаруашылығы) бойынша есептерді қалыптастыру кезінде ауданның жергілікті атқарушы органдарымен мал басы туралы статистикалық деректерді ұлғаю жағына бұрмалағаны анықталды. Малдын барлық түрі бойынша әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабындағы деректерімен айырмашылық анықталды, соның ішінде аудан бойынша жалпы ірі қара мал саны 4668 мал басын құрады.
Сонымен қатар Агенттікпен Ақмола облысының Ақкөл ауданында өңірлік деңгейдегі «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесі мен «Е-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешенінің салаларын басқару бірыңғай автоматтандырылған жүйесі жөнінде деректерінің дәйектілігін салыстырмалылығын тексеру кезінде әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабында мал басы туралы деректерді, ауылшаруашылық жануарларының бірдейлендіру деректер қорындағы деректермен салыстырғанда мал басын асырып көрсетуі анықталды.
Бұл фактілер статистикалық деректерді қалыптастыру кезінде пайдаланылатын мал басы туралы әкімшілік деректердің дәйектілігін қамтамасыз ету бойынша әкімдіктер жұмысының сапасының төмен екендігін көрсетеді.
Мал басы туралы статистикалық деректерді қалыптастыру кезінде негізгі ақпарат көзі ретінде ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру деректер қорынын деректерін пайдалану жоспарлануына байланысты әкімшілік деректердің сапасының мәселесі аса маңызды болып табылады.
Осыған байланысты статистика депертаменттері мал басы туралы статистикалық деректердің сапасын қамтамасыз ету жұмысын жергілікті атқарушы органдармен тығыз ынтымақтастықта жүргізуі қажет. Мал басы туралы статистикалық деректердің дәйектілігін және сапасын қамтамасыз етуге дербес жауапкершілік облыстық статистика департаменттерінің бірінші басшыларына жүктеледі.

Іле аудандық статистика басқармасы