БАСТЫ > Іле аудандық статистика басқармасы > АҚПАРАТ
 
 
 
 
 Сыбайлас жемқорлықтың түсінігі  

«Сыбайлас жемқорлық» түсінігі (латынша corruptio) — пара беруді, өзінің қызметтік дәрежесінің лауазымды тұлғасын жеке баю мақсатында тікелей пайдалану деген мағынаны білдіреді. Мемлекеттік органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға мемлекеттік билік органдарында лауазымдар атқаруына тыйым салынған.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің бос қызмет орнына орналасуға арналған конкурстар ашық өткізуде қолға алынған. Елімізде мемлекеттік органдарда лауазымды адамдардың жоғары жауапкершілігі мен дер кезінде ден қою қағидаттарына негізделген азаматтардың арыздарын, заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың нәтижелерін есепке алу мен бақылаудың бірыңғай жүйесі құрылған.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстан Республикасында бүгінгі күнгі күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық дамыған елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда табу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алу.