Елбасының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асырудың нәтижелері  

 

Елбасының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асырудың нәтижелері.

Ақпарат-насихат топтарымен жұмыс

 

Ауданда аудан әкімінің 15.02.2012 жылғы №46-Ө өкімімен  23 ақпарат-насихат тобы жасақталып, аудандық жұмыс жоспары бекітілді. Атаулы топтың 213 мүшесі - этномәдени бірлестіктер, мекеме қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардан құрылған. Ақпарат-насихат топтарының жұмыс тәжірибелерінде мәслихаттар, кездесулер, дөңгелек үстөлдер өткізу және баспасөз ақпарат құралдарына мақалалар беру, әдістемелік құралдар шығарылды.

Барлық елді-мекендерде «Әлеуметтік-эканомикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», «Елбасы Жолдауы іспен танылады», «Жолдауға қолдау көрсету- баршаның ісі» және т.б. тақырыптары аясында қоғамдық саяси шаралар өткізіліп, Елбасы Жолдауымен аудан тұрғындарының 91 пайызы таныстырылды.

Сондай-ақ Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында 2012 жылдың 5 айында 2 Республикалық ақпарат насихат топтары, 2 облыстық ақпарат насихат топтары аудан тұрғындарымен кездесулер өткізді.

Аудан бойынша «Жолдау керуені - 2012» атты акция өтті. Атаулы акция аясында аудандық АНТ-ы аудан тұрғындары, шалғай ауылдағы мал отарларымен 27 кездесулер ұйымдастырды. Атаулы кездесулер барысында Елбасы Жолдауына байланысты әдістемелік материалдар, газет-журналдар, сонымен бірге медициналық дәрі-дәрмектер таратылды, туындаған түйінді мәселелерін шешуге атсалысты.

Елбасы Жолдауын аудан тұрғындары арасында түсіндіру, насихаттау мақсатында 11 ауыл, кент округтерінің, 32 елді-мекенде 50-ге жуық мекемеде, кәсіпорындарда 87 кездесу өткізілді.

Аудандық «Іле таңы» газетінің бетіне 57 мақала жарық көрді «Обещьяем делаем», «Приступили к действию информационная группа», «Әділетті би болса – жеті жұрттың қамын жер», «Жаңа кезең басталды», «Әділ бидің алдынан іс кетпейді», «Болашаққа жүктелген ортақ міндет», «Жұмыспен қамту – болашақты қамтамасыз ету», «Қазақстан даму жолында», «Ынтымақты елде береке тұрар», «Білім саласындағы жауапкершілікті күшейту» және т.б. тақырыптарда мақалалар жарияланды. 

Сол сияқты АНТ мүшелері қосымша кесте арқылы ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 20-жылдығы, Тіл, Салауатты өмір салты, Жастар және халықтар бірлігі саясатына байланысты аудан тұрғындарымен кездесу, дөңгелек үстел өткізілді. Өткен шаралар облыстық «Жетісу», Республикалық «СТВ», «Хабар»телеканалдарында көрсетілді.