ГЛАВНАЯ > Конкурсы > «Менің Мұқағалиым» атты аудандық байқауының ЕРЕЖЕСІ

 
 
 
«Менің Мұқағалиым» атты аудандық байқауының ЕРЕЖЕСІ  
 
Мақсаты:

-  Жастар арасында өнерлі жастарды анықтау, елжандылық тәрбиесін беру

-  М.Мақатаевтың шығармашылығын жастар арасында насихаттау.

 

Ұйымдастырушылар:         Ішкі саясат бөлімі

Өткізу кезеңдері:               20-25 қаңтар жергілікті әкімшіліктерде

Өтетін күні мен орны:        4 ақпан 2012 жыл, сағат 10.00. №12 ОМ акт залы

Қатысушылар:                    Оқушылар, студенттер, мұғалімдер (16-29 жас аралықтары)

 

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ

 

1. «Менің анкетам» /Үміткер өзін, сыныбын, мектебін таныстырады/. 3 минут

2. «Поэзия – жүрек тілі» /Ақын өлеңінен, поэмаларынан мәнерлеп оқу/. 3 минут

3. «Ән сал, жаным» /Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндерді орындау/. 3 минут

4. «Мұқағали әлеміне саяхат» /М.Мақатаев шығармасына байланысты сұрақтарға жауап/ 2 минут

5. «Мен ескерткіш қоямын басыңызға, асыл Аға!» /шығармалары сахналық көрініс, кесте, портрет, картиналар, қолөнер заттары т.б. Осы жанрдың біреуін қорғайды/. 3 минут

6. «Естеліктер» /Ақын туралы естеліктер айту/. 3 минут

 

Қатысушылар туралы мәлімет төмендегі кесте бойынша 25 қаңтарда Ішкі саясат бөліміне өткізу тапсырылады

 

Аты – жөні

Туған жылы

Жұмыс орны немесе мектебі

Жетістіктері

1

 

 

 

 

 

Ескерту: Байқауға қатысушылардың өзіндік ерекшеліктерін білдіретін нышандарына, киім үлгісіне, сахна мәдениетіне көңіл бөлінеді.

Байланыс телефондары: 2-10-69, 2-06-22